Құрама командалар

Сметов Елдос
  • Туған күні: 1992-09-09
  • Туған жері: поселок Луговой, Жамбылская область
  • Салмақ санаты: 60 кг
  • Жаттықтырушы: Джилгельдиев Г. ...

Елдос Бақтыбайұлы Сметов

Қазақстан Республикасының дзюдо ұлттық құрамасының мүшесі

Адам тағдыры туғанда пешенесіне жазылады дейді үлкендер. Көпшілік талантты спортшылардың жұлдызды тағдырында кедергілер кездеспей қоймайды. Аяққа тік тұрып, өз жоспарларына, діттеген мақсаты, жеңістері мен армандарына қол жеткізу үшін аянбай тер төгу қажет. Қазақстандық жас дзюдошы Елдос Сметов қатар жүретін жеңіс пен жеңілісті бірқалыпты қабылдай білген адам ғана арманына жете алатындығын дәлелдеген бірден-бір тұлға. Спортшы туыстары, жетекшісі және достарының қолдауымен биік белестерді бағындырып келеді.

Елдос Бақтыбайұлы Сметов 1992 жылдың 9 қыркүйегінде Тараз қаласында дүниеге келген. Көптеген болашақ чемпиондардың тағдыры секілді, оның дзюдомен айналысуына үлкен ағасы Жандос Сметов ықпал етті. Ауылдың топырағында күрескенді бала кездерінен жақсы көретін. Жас ерекшеліктерінің айырмашылығына қарамастан (Елдостың жасы бесте, ал ағасы тоғызда) дзюдо үйірмесіне бір уақытта барды. Жандостың еркін күреспен айналысуы Елдостың балалық шағына оң әсерін тигізді. Ол ағасының жасаған қимылдарын айна-қатесіз көшіріп, екеуара шаршамай күресетін. Дзюдо үйірмесіне Тараз қаласында жазылды. Ол кезде балаларына көңіл бөлуге ата-ананың уақыты жеткіліксіз болды. Осы себептен де балалар өз күштерімен үйірмеге қабылданды. Сметовтар отбасы көшіп барған үйдің жанында спорттық мектеп бар еді. Ал балалардың бойында осы ғимаратқа кірер болсақ, не болар екен деген әуесқойлық басым болды. Сонымен, ағайынды жас спортшылар бірден кең дзюдо залына тап болды. Ақ кимоно киген балуандардың қимылдары мен лақтырыстарына аузы ашылған Елдос үн-түнсіз қалды. Осы залда ағайындылардың қаны қызып, секіре бастады. Біраз уақыттан кейін жаттықтырушы жақындап, балалардың қайдан келгенін сұрады. Дәл осы Ахмет Жұмағұлов Елдостың алғашқы жеке бапкері еді. Сметов алғашқыда бокс, кикбокс, еркін күрес, самбомен айналысып көрді, нәтижесінде таңдауын дзюдоға жасады. Сонымен әдемі ақ кимононы киюге қазақстандық болашақ дзюдошылардың Таразға қоныс аударуы септігін тигізді. Спортшының ағасы Жандос Сметов дзюдомен кәсіби түрде айналысты. Алайда 2008 жылы тізесінен жарақат алып, ұзақ уақытқа спорттан қол үзіп қалды. Қазіргі таңда ол біртіндеп қалпына түсіп келеді.

Елдос Сметов есінде қалған алғашқы жарқын жеңістерінің бірі 1998 жылы Алматыда өткен республикалық чемпионаттың жеңімпазы атануы. Ол кезде Елдос алты жаста еді. Оның сол кездегі салмағы небәрі 18 келі болса да, ол 21 кг салмақ санатындағы спортшылармен белдесті. Ол уақытта жас спортшыларға медаль берілмейтін, кішкентай жеңімпаз жарыс аяқталғанша плазмалық теледидардың қорабында сақталған гүл салатын вазамен марапатталды. Бұл бала дзюдошының көңіл-күйін бұзылып, ренішін туғызды.

Сметовтардың ата-анасы жұмысбасты адам болғандықтан, балаларының ермектеріне назар аудара қоймады. Алайда жетінші сыныпта Елдос Сметов Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық мектеп интернатына қабылданды. Болашақ чемпионның әкесі баласының спортқа етене араласып кеткендігін сол кезде түсінгендей болды. Тоғызыншы сыныпта Алматы қаласындағы спорттық интернатқа ауысқан Елдос Сметов жастар арасындағы республикалық чемпионаттарға қатыса бастады. Алғашқы жылы дзюдошы ел біріншілігінің үшінші орнына жайғасса, араға жыл салып чемпионаттың «күмісін» еншіледі. Спортшының ел ішіндегі деңгейін жоғары бағалаған жаттықтырушылары оны Германиядағы жарысқа қатыстырды. Неміс аренасында Елдос жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Өзінің жүлделі сыйынан кейін дзюдошы Азия чемпионатына аттанды. Аталмыш біріншілікте де елінің үмітін ақтап шықты. Сол жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында дзюдошы жеңімпаз атанды.

Мароккода өткен алғашқы әлем чемпионатында Елдос 55 келі салмақта өнер көрсетсе, бір жылдан кейін Кейптаундағы әлемдік біріншілікте татамиге 60 кг салмақта шықты. Ол кезде Елдос Сметов төрешілер алқасының жапондық балуанға деген қатынастарының ерекше болғандығынан, қола медаль олжалады. Оған қоса дзюдоның ережесі мен техникасын ескере келе, спортшының басқа салмаққа ауысуы қиынға соғатынын білу керек. Спорттың бұл түрінде салмақ үлкен рөл атқарады. Бәрінен бұрын дзюдошылар мұндай жарыстарға қатыспас бұрын салмақтарына салмақ қосып жатса, Елдостың салмағы тұрақты түрде 58 келі болды. Ол өзінің шапшаңдығының арқасында жеңіске жетуші еді, бірақ өкінішке орай, салмағының жетіспеушіліген жеңіліс тапты.

Біраз уақыттан кейін Қазақстан чемпионатында біздің дзюдошының физикалық жағдайы сыр бере бастады. Турнирге бір ай қалғанда ол ауырып, салмақ жоғалтып, тіпті қалпына келе алмады. 9 жасындағы тағдырдың кедергілері жас спортшының болашағына сәл болмағанда балта шабушы еді. Балалық шақта Елдостың ашық бас-сүйек жарақаты мен миы шайқалған екен. Әткеншекте отырған Елдос қатты тербелді ме, жерге құлап, қарақұсымен темірге соғылады. Сол кезде ата-анасы қанша өтінсе де, алған жарақатына қарамастан кәсіби спортты тастау туралы ойланбады. Елдостың қайта қалпына келуіне бір жыл уақыт кетті, содан дзюдомен қайта айналысамын деп шешті. Бекер емес екен. Ұлы жеңістерінің барлығы спортшыны күтіп тұрғандай еді.

2012 жылдан бастап дзюдошы ересектер арасындағы Қазақстанның ұлттық құрамасында өнер көрсете бастады. Жеңіл салмақтағы спортшының ересектер сапындағы белдесулері оңайға соқпады. Елдостың жеңуіне техникасы жеткілікті болғанымен, қарсыластары артық салмақтарының арқасында Елдосты атып ұратын. 2013 жылы Елдос Сметов Бангкокта өткен әлем чемпионатының қоласын иемденіп, ересектер арасындағы беделін дәлелдеп берді. Сондай-ақ,ол құраманың қоржынын Самсундегі Гран при мен Тбилисидегі Еуропа кубогының «күмісімен» толтырды. Ал Варшавада дзюдодан өткен Еуропаның ашық кубогында алтыннан алқа тағынды.

2013 жылдың тамызында дзюдодан Рио-де-Жанейрода өткен әлем чемпионатына дайындалғандықтан, Елдос Казаньдағы Универсиадаға да, Мәскеудегі Гранд-слэмге де бармады. Оның орнына Қазақстан чемпионатының финалдық тартысында Елдосты жеңген Ибраев Рустам аттанды.

Өкінішке орай, Елдос Сметов Риода аяқталған әлем чемпионатының финалдық тартысына өте алмады. Бірақ ол жеке рейтингте үздік жетілікке енді.

Қазіргі таңда дзюдошы жалпы әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ол 2015 жылы Астанада өткізілген әлем біріншілігінң чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия біріншілігінің чемпионы атанды. Сондай-ақ, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Рио Олимпиадасында жүлдегер атанған Елдос Сметовті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Парасат» орденімен марапаттады.

Елдос Сметов Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде оқып жатыр. Елдостың әкесі бизнесмен, анасы үй шаруасындағы адам. Дзюдошы қолы жеткен жетістіктерімен шектеліп қоймай, жеңіске жету үшін әлі де барын салмақ.

Әлеуметтік желідегі парақшалар