Жаңалықтар

17:43 | 12 наурыз 2015
2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет. Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының жалпы жиналысында төраға Тимур Құлыбаев тапсырма жүктеді. Жалпы жиналыста Конфедерацияның жаңа бас директор таныстырылды. Бұл қызметті Данияр Абулгазин атқаратын болады. Ал бұған дейін бас директор болған Сәкен Мұсайбеков жақында Үкіметтің қаулысымен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған еді. Кездесуде Конфедерацияға кіретін спорт…
17:20 | 08 наурыз 2015
Анталияда (Турция) 7 наурыз күні кадеттер арасында Еуропа Кубогы өткізілді, оған ҚР жасөспірімдерден құралған ұлттық құрамасы қатысты. Жарыста жалпы саны 21 мемлекеттен, 463 спортшы бақ сынады. Біздің еліміздің намысын 34 спортшы қорғады (20 ұл мен 14 қыз). Нәтижелері: Амангельды Мади – 1 орын (73 кг) Науатбек Ақмарал – 2 орын (44 кг) Ералиева Нұрсұлу – 3 орын ( 40 кг)…
09:21 | 07 наурыз 2015
2015 жылы 6 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» спорт кешенінде ЕҰУ ректорының Кубогы үшін дзюдодан республикалық турнир өткізілді. Еліміздің 13 жоғары оқу орнының командасы қатысқан жарыста бір миллион теңге жүлде қоры сарапқа салынды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жеңіп, ректор кубогымен қатар, 500 мың теңгені қанжығаларына байлады. Екінші орын алған Е.Букетов…
11:31 | 02 наурыз 2015
Жарыс 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен 418 спортшы қатысты. Командалық есепте жарыс қорытындысы төмендегідей: 1.Оңтүстік Қазақстан облысы 2.Қызылорда облысы 3.Астана қаласы
19:48 | 01 наурыз 2015
Жарыс ақпан айының 28 мен наурыздың 1 аралығында Польшада (ерлер арасында) және Чехияда (қыздар арасында) өткізілді. Альбина Амангельдиева 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы және ҚР спорт шебері.

Әлеуметтік желідегі парақшалар