​Ерасыл Қажыбаев Гран При кезеңінің қола жүлдегері

19:58 | 11 қараша 2018

Ташкентте өтіп жатқан Гран При кезеңінде 100 келіден жоғары салмақта белдескен дзюдошымыз Ерасыл Қажыбаев қола жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Ерасыл жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Ихтиор Калмуратовты иппонмен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкент Гран Приін 1 алтын, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ел қоржынына алтын медальді Дидар Хамза (81 кг) салған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар