Ерлан Серікжанов "Grand Slam" турнирінің күміс жүлдегері атанды

21:21 | 27 қазан 2018

Ерлан Серікжанов Абу-Дабиде өтіп жатқан «Grand Slam»турнирінің күміс жүлдегері атанды. 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда грузин балуаны Важа Маргвелашвилиге есе жіберді.

Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуде португалиялық Жоао Крисостомоны, екінші айналымда түркіменстандық Батыр Гурбаниязовты, кейін ширек финалда Барух Шамиловты жеңді. Ал жартылай финалда испаниялық Гайтеро Маритин Альбертоны вазари ұпайымен ұтқан болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар