БАҚ өкілдеріне хабарландыру!

12:34 | 16 қазан 2018

2018 жылдың 18 қазанында Астана қаласы «Hilton Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының президентін сайлау мақсатында кезектен тыс конференция өтеді.

Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы Данияр Абулғазин, ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директорыАсхат Житкеев, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, дзюдодан Әлем Чемпионы Максим Раков, Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Азамат Мұқанов пен Ерлан Серікжанов, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза, дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов қатысады.

Бұқаралық ақпарат құрал өкілдерін аталмыш шараға қатысуға шақырамыз. Конференция Астана қаласында «Hilton Astana» қонақ үйі (Сауран, 46), «Meeting room 2» конференц-залында өтеді. Тіркеу 14.30-да, шара 18 қазан күні сағат 15:00-де басталады.

Аккредитация алу үшін төменде көрсетілген нұсқаулық бойынша толтырылған құжатты fdkr.kz@gmail.com почтасына жіберулеріңізді сұраймыз:

1.Аты-жөні

2.Мекеме атауы, лауазымы

3.Почта

4.Телефон номері

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар