Бекарыс Сәдуақас жасөспірімдер Олимпиадасының Чемпионы

00:55 | 10 қазан 2018

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас қарсылас шақ келтірмей Чемпион атанды. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан финалда грузиялық спортшы Илья Сулманидзені уақытынан бұрын айқын басымдықпен жеңді.

Сәдуақас Бекарыс жарысқа екінші айналымда қосылды. Алғашқы белдесуінде Аболфазл Бахтиари Шожаиді иппонмен ұтса, жартылай финалда Вег Цомбордан басым түскен еді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар