Дзюдошылар жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

20:41 | 09 қазан 2018

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында жасөспірімдер арасында Жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Дзюдодан Қазақстан сапынан сынға түскен екі дзюдошымыз да финалға жолдама алды.


100 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатқан Сәдуақас Бекарыс жарысқа екінші айналымда қосылды. Алғашқы белдесуінде Аболфазл Бахтиари Шожаиді иппонмен ұтса, жартылай финалда Вег Цомбордан басым түсті.

Ал 78 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Маргарита Гриценко ширек финалда эквадорлық Эдиц Ортизді жеңсе, жартылай финалда чех балуаны Эстер Свободованы уақытынан бұрын таза жеңіске қол жеткізді.

Фото: ҚР ҰОК

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар