Кадеттер Азия чемпионатын сәтті бастады

23:54 | 10 мамыр 2018

Бүгін Ливан астанасы Бейрутта дзюдодан кадеттер арасында Азия чемпионаты басталды. Байрақты бәсекенің бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді:

Алтын - Шерзод Давлатов (55 кг)
Алтын - Данияр Шамшиев (60 кг)
Күміс - Нұрдаулет Аманқосов (50 кг)
Күміс - Құндыз Жылқыбай (40 кг)
Қола - Аяулым Қуанышова (48 кг)
Қола - Толғанай Абеуова (52 кг)
Қола - Алмас Уали (66 кг)
Қазақстан жасөспірімдер (кадеттер) құрамасының аға жаттықтырушылары - Ғайнулла Есенғалиев және Бақытжан Төребеков.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар