Максим Раков - Еуропа кубогының күміс жүлдегері

22:09 | 05 наурыз 2017

Польшада ерлер арасында Еуропа ашық кубогы аяқталды. Аталмыш турнирге Қазақстан құрамасынан 28 дзюдошы қатысып, бір күміс медальға қол жеткізді.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Максим Раков іріктеу кезеңінің бірінші айналымында украиналық Хутсол Данилоны, екінші белдесуінде Хэженейдер Маккимилиянды иппонмен ұтып, үшінші белдесуінде Уожсик Якубтен вазари ұпайымен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда беларусь балуаны Свируд Микитаны иппонмен жеңіп, ақтық кезеңге шықты. Алтын үшін күресте австриялық Фара Эронға ұтылған отандасымыз Максим Раков Еуропа кубогының күміс жүлдесіне ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар