Шымкентте дзюдодан Азияның ашық кубогы өтеді

10:33 | 09 қаңтар 2017

Шымкент қаласында 2017 жылдың 20-23 ақпан аралығында Азияның ашық кубогы өтеді. Жарысқа 1997-1999 жылы туылған Қазақстан Республикасы қалалары және облыстарынан және алыс-жақын шетелдерден арнайы спорттық дайындығы бар дәрігердің рұқсаты мен жекеленген командалар мен спортшылар қатыстырылады. Жарысқа 2000 ж.т. спортшылар ата-аналардың жазбаша рұқсатымен (нотариалды бекітілген) және қосымша дәрігерлік анықтамасымен жіберіледі, 2001ж .т. спортшылар жарысқа жіберілмейді.

Сондай-ақ, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік–Қазақстан, Алматы, Батыс-Қазақстан облыстарнан және Алматы қаласының командасынан әр салмаққа төрт спортшыдан жіберіледі.

Маңғыстау, Қарағанды , Жамбыл облыстарынан және Астана қаласының командасынан әр салмаққа үш спортшыдан жіберіледі.

Павлодар, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Атырау облыстарының командаларынан әр салмаққа екі спортшыдан жіберіледі.

Ақтөбе және Ақмола облыстарының командасынан әр салмаққа бір спортшыдан жіберіледі. Алыс-жақын шетелдерден келген командадан әр салмақ дәрежесіне екі спортшыға дейін жіберіледі. Спортшының кимоносында тегі, облыстың атауы бар жапсырма болуы міндетті.

Жарысты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының дзюдо Федерациясы, Оңтүстік Қазақстан облысының дзюдо Федерациясы, Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Шымкент қаласының №10 күрес түрлерінен ОРДБЖМСМ.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушы спортшылар мен қала қонақтарына "Dostyk" қонақ үйі серіктестік білдіреді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар