Жамбыл облысы - Конфедерация кубогының иегері

20:54 | 04 желтоқсан 2016

Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясының кубогы аяқталды.

Дзюдодан финалға Қарағанды облысы және Жамбыл облысының дзюдошылары татамиге шыққан болатын. Белдесу бес салмақ дәрежесінде өтті. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарыстың басты фавориті ретінде қатысты. Елдос Сметов өзінің мықтылығын тағы дәлелдеді. 66 келідегі Қайрат Ағыбаев пен Елдос Сметов арасындағы белдесу иппонмен Елдостың еншісіне шешілді. Қарағанды облысының тәжірибелі дзюдошысы, Рио Олимпиадасының қатысушысы Жансай Смағұлов жамбылдық Бекәділ Шаймерденовты жеңіп, есепті теңестірді. 81 келіде Азиз Қалқаманұлы мен Айдын Дартаев арасындағы күресте Айдын ескерту қағазы көптігінен жарыстан шеттетілді. 90 келіге дейінгі салмақтағы белдесу екі команда үшін шешуші сайыс болды. Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы) Тимур Жарасовтан басым түсіп, кубог тағдырын шешті. Шынкеев Ержан аса ауыр салмақта мықтылығын тағы дәлелдеді. Ол соңғы белдесуде Жамбыл облысының балуаны Жамбыл Тұрғыналиевті иппонмен ұтқанымен, есепті теңестіре алмады.

Жарыс қорытындысы бойынша, Конфедерация кубогы мен 25 млн теңгелік сыйақыға Жамбыл облысының балуандары ие болды.

І орын – Жамбыл облысындағы

ІІ орын – Қарағанды облысы

ІІІ орын – ШҚО, Қызылорда облысы

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар