Конфедерация кубогының финалистері анықталды

19:13 | 03 желтоқсан 2016

Бүгін, 3 желтоқсан күні Алматыда Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының финалға шыққан командалар анықталды.

Жамбылдық дзюдошылар ШҚО-дан келген құраманы жеңіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Олар қызылордалық қарсыластарынан басым түскен Қарағанды облысының дзюдошыларымен кездесетін болады.

Дзюдодан Қызылорда облысы мен ШҚО спортшылары Конфедерация кубогында ІІІ орынды қанағат тұтты.

Ал бокстан ақтық кезеңде Астана мен Маңғыстау облысының боксшылары қолғап түйістірсе, Еркін күрестен Конфедерация кубогының финалында Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының құрамалары күш сынасады. Грек-рим күресінен Кубок үшін Алматы мен Жамбыл облыстарының балуандары белдеседі. Таеквондодан финалға Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының құрамалары шықты.

Финалдық кездесулер Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 4 желтоқсан күні өтеді. Кофедерация кубогы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен тағайындалды. Жалпы жүлде қоры 125 млн. теңгені құрайды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар