БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

16:47 | 18 қазан 2016

Құрметті БАҚ өкілдері!

2016 жылдың 19 қазанында сағат 11.00-де Жапония елшілігінің қолдауымен Алматы қаласы дзюдо академиясында жаттықтырушыларға арналған семинардың ашылу салтанатына шақырамыз (И. Байзақов көшесі, 238). Семинар 19-20 қазан күндері Жапониядан келген мамандардың қатысуымен өтеді. Екі күн ішінде шетелдік мамандар теория мен практиканы ұштастырып, қазақстандық жас спортшылардың біліктілігін арттырады. Ямакази Масайоши, Макиши Иошихару, Ушимура Наоя, Эбинума Сатори, Эйга Хидеуки, Кадано Масато, Имазато Манабу, Такахаши Каю, Охира Юкихиро сынды мамандардың қатысуымен өтетін семинар Алматыда Дзюдо академиясында өтеді «Академияда оқу-жаттығуларымен қатар, шетелдік мамандар бірлесе отырып, халықаралық шеберлік сабақтары да өтеді» деген болатын Қазақстан Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков дзюдо академиясы ашылған сәтте.

«ФЕДЕРАЦИЯ ДЗЮДО» РҚБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛЫҒЫ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар